Мектеп тарихынан
1935 жыл – Гурьев облыстық партия комитеті мен қалалық Совет президиумының бірлескен мәжілісінде комбинат жанынан 10 жылдық орта мектеп салу жөнінде шешім қабылданды.
1938 жыл – Жұмыскер елді мекеніндегі Гурьев балық – консерві комбинатының жұмысшылар жатақханасы болған төрт бөлмелі кең үй пайдалануға берілді.
1940 жыл – Бастауыш мектеп жетіжылдық мектепке көшірілді.
1955 – 1960 жж – Мектептің іргетасы қаланып, жаңа мектепке қоныс аударды.
1961 жыл – Жетіжылдық мектеп Жұмыскер сегізжылдық мектебі болып өзгертілді.
1992 жыл – Батыр бабамыз Исатай Таймановтың туылғанына 200 жылдық мерейтойына орай мектебімізге Исатай Тайманов есімі берілді.
1996 жыл – Исатай Тайманов атындағы орталау мектеп орта мектеп болып өзгертілді.
2009 жыл – Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында заман талабына сай салынған сәулетті ғимарат пайдалануға берілді.